Атырау, 14 қаңтар 12:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Абай көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы екі аптаға шектеледі

92 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атыру қаласында "Жұлдызды аспан" жарық конструкцияларын орнату жұмыстарына байланысты Абай көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Абай көшесінің Ақжайық айналма жолынан Махамбет көшесіне дейінгі аралығы 2026 жылғы 14–25 қаңтар күндері аралығында, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бүгін, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.