Атырау, 12 желтоқсан 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Атыраулық бишілер Алматыны таңқалдырды

1 448 просмотра

16-17 сәуірде Алматыда 10-шы  «Көктемгі танго-2011»  атты халықаралық турнир болып өтті.  Осы турнир аясында ересектер арасында бидің он түрі бойынша, сондай-ақ, IDSF Open Latin and Standard бойынша ҚР чемпионаты және Юниорлар-1 және Юниорлар-2 санаттары бойынша ҚР ашық біріншілігі болды.

Жарыстың алғашқы күні жарықтың сөніп қалуымен басталды. Әуенсіз, майшаммен билеу мүмкін болмады, турнирдің ұйымдастырушылары ТЖ бригадасын шақырды. Олар кешке қарай генераторды іске қосты. Залда жарық оттары жарқырап, трибунадағы көрермендер жанданып, ал, би алаңында турнирге қатысушылар бой түзеді.  

Спорттық билер - бұл спорттың ең әдемі түрі, Қазақстанда қазір ол едәуір дамып келеді. Атыраулық бишілер Юниорлар-1 санаты бойынша тек қазақстандық қарсыластарына ғана емес, ТМД елдері және алыс шетелден келгендерге мықты бәсекелес бола білді.  

«Аэлита» спорттық би клубының басшылары, облыстық спорттық би федерациясының жаттықтырушы-ұстаздары Лидия және Нұрлан МҰҚАНОВТАРДЫҢ айтуынша, халықаралық турнирде Атырау бишілері 800-дей би жұптарымен сайысқа түсе отырып, керемет нәтижеге қол жеткізген көрінеді. Алтын медальды атыраулық юниорлар Айбек ӘБИЕВ және Аэлита МҰҚАНОВА жеңіп алды.

Еуропалық бағдарлама бойынша Қазақстан ашық біріншілігінде жүлделі орындардың бірінен кем түспейтін төртінші орынды юниорлар арасында спорттық би бойынша біздің облысымыздың чемпиондары Евгений ЛИ және Светлана ПАК (суретте) иеленді. Бұл балалар латинамерикалық бағдарлама бойынша ашық біріншілікте ақтық сайысқа шыққан еді.

Айтпақшы, биылғы жылы «Аэлита» өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтпекші. Атырау облысы спорттық би федерациясының «Аэлита» спорттық би клубы спортшыларының командасы облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Берік Жанкеевке би спортына қолдау көрсеткендігі үшін алғыстарын білдіреді.

Анастасия ПАСТУХОВА

28 сәуір 2011, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.