Атырау, 26 қаңтар 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Атырауда ауадағы күкіртсутектің бірнеше мәрте шекті мөлшерден асып кеткені тіркелді

109 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

2026 жылғы 25 қаңтарда Атырау қаласында жүргізілген атмосфералық ауаның мониторингі қорытындылары туралы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасай отырып, өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қала тұрғындарының ауа сапасына қатысты өтініштеріне байланысты  “Қазгидромет” РМК-ның Атырау облыстық филиалы мамандары кезекшілік уақытында атмосфералық ауа сапасын тексерді.

Атмосфералық ауаның сынамасы Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылына, Тасқала ауылына іргелес аумақта, Химиктер ауылына жүргізілді.

Жүргізілген зертханалық талдау  атмосфералық ауада күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациядан асқанын көрсетті. Тасқала ауылында — 17,5 есе, Тасқала ауылына іргелес аумақта — 15,0 есе, Химиктер ауылында — 36,3 есе асқан.

Сынама алу кезіндегі метеорологиялық жағдай: желдің бағыты — солтүстік-солтүстік-шығыс, ауа температурасы — –9 °C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы — 81 %.

Деректер қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.

Бұған дейін «Сая» бау-бақша қоғамының тұрғындары АМӨЗ маңында күкіртке ұқсас өткір иістің бар екеніне шағымданған еді.

Бүгін, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.