Атырау, 26 қаңтар 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

«Тыныс алу мүмкін емес»: «Сая» тұрғындары АМӨЗ маңындағы өткір иіске шағымдануда

91 рет қаралды

АМӨЗ маңында орналасқан «Сая» бау-бақша қоғамының тұрғындары күкіртке ұқсас өткір иістің бар екенін айтып шағымданды.

Олардың сөзінше, иіс соңғы бірнеше күнде күшейіп кеткен.

Тұрғын Әлия Каированың айтуынша, иіс бұрыннан сезілетін, бірақ соңғы 2–4 күнде мүлде адам төзгісіз болып кеткен.

- Сасық иіс. Үйдің ішін де алып кетті. Демалуға мүмкін болмай жатыр. Күкірттің иісіне ұқсайды. Жолдасым Теңізде істейді. Оған күкірт иісі жақсы таныс. Көршілердің бәрінде де осы шағым, - дейді ол. 

Әйелдің айтуынша, 109 операторына сасық иіске шағым түсірген. Оларға "Қазгидрометке" хабарлап, ауа сынамасы алынып, екі-үш жұмыс күнде қорытынды шығады, сосын әлеуметтік желіге салынады деген.

Тұрғындар өздерін жайсыз сезініп жатқандарына да шағымданды. Тұрғындардың жүрегі айнып, ауырып, лоқсып құсып, тамақтары жыбырлап, ұйқылары бұзылған. Тағы бір тұрғындардың сөзінше, бір адам осы күндері қан қысымы көтерілді деп жедел жәрдем шақырған.

Гүлдана Ералиева деген тағы бір тұрғын иістің тарайтын түрі жоқ дейді. Ол зауыт жақтан қалың түтін көрініп, соны видеоға әлсін-әлсін түсіріп тұрғанын айтады. “Тамағымыз бітеліп тұр” дейді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты баспасөз қызметі зауыттың зертханасы тұрғындар айтқан аумақта жұмыс істеп жатыр деп жауап берді. Ресми комментарий қорытындысымен бірге беріледі деді..

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.