
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалында тұрған MATILDA танкеріне қатысты ресми ақпарат таратты.
Танкерді «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған. Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған болатын.
13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Жарылыс болғанымен, өрт шыққан жоқ. Экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Танкер теңізде жүзуге жарамды күйінде қалды.
Бірінші тексеру кезінде кеме құрылымында айтарлықтай зақымдану анықталған жоқ.
Залал көлемін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
В Атырау -1