
Бұл туралы «Ақ Жайық» редакциясына полиция департаментінен хабарлады. Істің тоқтауына тараптардың татуласуы себеп болған.
Полиция дерегінше, қылмыстық іс биыл жазда жеке меншік Palma бассейнінің директоры ұсталғаннан кейін қозғалған. Оқиға кезінде 15-тен астам адам, негізінен балалар, хлор буына уланып қалған. Үш бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.
Куәгерлердің айтуынша, кенеттен хлор иісі күшейіп, су лайланып кеткен. Балалар жөтеліп, есінен танып қалған. Ата-аналар оларды көтеріп алып шыққан. Оқиға орнына дәрігерлер мен құтқарушылар жедел жеткен.
Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға хлор қоспасын мөлшерлеу кезіндегі қателік себеп болған. Акваорталық иелері су тазарту жүйесіндегі ақауды мойындады. Оқиғадан кейін нысан жабылып, директорға үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Енді зардап шеккен отбасылармен татуласқан соң, қылмыстық іс тоқтатылған.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -11