Атырау, 13 қараша 12:14
 дождьВ Атырау +1.9
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Таңғы жарылыс Ақтөбеде: дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды

42 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

13 қараша күні таңертең Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды. Төтенше жағдай салдарынан ғимараттың жапсарлас құрылысы құлап, өрт шыққан, терезелердің әйнектері сынған. Екі адам ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған «Диапазон» басылымының хабарлауынша, жарылыс сағат 10:28-де Алтын Орда ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайында болған.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен жедел медициналық жәрдем бригадалары жетті. Сағат 10:53-ке қарай өрт толық сөндірілді.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ТЖД-ның 45 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс істеді.

Әлеуметтік желілерде жарылыс болған жерден түсірілген бейнежазбалар таралып жатыр. Кадрлардан зақымданған ғимаратты, оның үстінен көтерілген түтінді және шұғыл қызметтердің көліктерін көруге болады.

Бүгін, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.