
Мектептер, балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдарының 1700-ден астам қызметкері міндетті медициналық тексеруден уақытылы өте алмаған. Прокуратура араласқаннан кейін заңбұзушылықтар жойылып, 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы хабарлады.
Заңбұзушылықтар Жетісу облысы Ақсу ауданындағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталған.
Прокуратураның мәліметінше, қызметкерлерге профилактикалық медициналық тексеруден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақытылы өтуге мүмкіндік жасалмаған.
Қадағалау органында бұл жағдай азаматтардың денсаулығын қорғауға қатысты конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соққанын атап өтті.
В Атырау +1.9