Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Құлсарыда 18 үйге біртұтас келбет берілуде

407 рет қаралды

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы басты көшелерде орналасқан тұрғын үйлерге біртұтас архитектуралық келбет беру жұмысы бұдан екі жыл бұрын жүзеге асырыла бастады.

Мәселен, 2023-2024 жылдары 18 көпқабатты үй іліккен болатын. Күрделі жобалау сметалық құжаттамасында тұрғын үйлердің шатырын ауыстыру, есіктерді жаңарту, домофон орнату сияқты жұмыстар көрсетілген. 

Мемлекттік сатып алу қорытындысына сәйкес мердігерлер "Құрылыстаймконтракт", "Данстройбаза ЛТД", "Атыраустройстандарт", "Экопласт", "КДС Констракшн" ЖШС-тері атқарып шықты.  

- Жалпы 18 үй жұмысы биыл аяқталуы керек. 2026 жылы осы жұмыс жалғасады деп күтудеміз. Құлсары қаласында көпқабатты үйлер баршылық, оларға архитектуралық сән беріп, қала келбетін ашу жұмысы тоқтамасы белгілі,-дейді аудан әкімінің орынбасары Аманжол Айдашев

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қараша, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.