Атырау, 18 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Ресейдің зымыран ұшыра беретіні" хабарланды». «Көзі ойнағаннан қорық!». «Ахметов Үкіметіне жыл толды». «Қазақшаң қалай, қазақ комментаторы?». «Сахнадан кеткен саясаткер санадан өше ме?». «Үздік журналистік материалдар анықталмақ».

1 918 просмотра

MAIDAN.KZ.  «Көзі ойнағаннан қорық!» - Біздің кейбір «тарихшылар» мен «саясаткерлер» М. С. Горбачевты анда-санда мадақтап, тіпті: «Қазақстанға тәуелсіздік әпергені үшін өзіміз де, ұрпақтарымыз да алғыс айта жүруге тиіспіз!» деп сайрағанда сайдың табанындағы құмды жотасына шығара жаздайды.

ABAI.KZ.  «Ахметов Үкіметіне жыл толды» - Серік Нығметұлы Ахметов  бір жыл бұрын 24 қыркүйекте Үкімет басшылығына тағайындалған еді. Ахметов атқарушы билікке келген нөмірі тоғызыншы Премьер-министр.

«Қазақшаң қалай, қазақ комментаторы?» - Ащы да болса шындық – біз ана тіліміздегі кейбір сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс ұғудан қалып бара жатқандығымыз. Бұл жерде қазақшаны мүлде білмейтіндер емес, біле тұра түсінбейтіндерді айтып отырмыз. Иә, қазір сондай күйге түстік, орыс тілін білмесек, қазақша «қақпайтын» болдық.

ALASHAINASY.KZ. «Сахнадан кеткен саясаткер санадан өше ме?» - Саясат сахнасынан келу мен кетудің жолы – сан тарау. Біреулер бұл салаға соқтықпалы соқпақты жол, енді біреулері түп-түзу даңғыл арқылы ентіге жетеді.

«Үздік журналистік материалдар анықталмақ» - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Өрлеу ақпараты» инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдар байқауын жариялайды.

AIKYN.KZ «Ломбард» - Бүгінгі қаланың көркі – ломбард. Ақша айырбастау орталықтарынан кейін көшелерде ең жиі ұшырасатын да осы – ломбард.

«Ойдан шығарылған оқиғалар» - Қазақта «атың шықпаса – жер өрте» деген қанатты сөз бар. Міне, осы қағиданы ұстанатын жандар өмірде көп екен.

«Бүкіл дүние долларға байланған...» - Әлем осылай болып жатқанда «Өз елім не болады?» деген сұрақ әркімді мазалары даусыз. Мұндайларға бірден ашығын айтайық, Қазақстан қарқынды дамуын жалғастырады. Мұның төрт нақты себебі бар.

«Қазақстандық философия: өткені, бүгіні, ертеңі» - Биылғы жылдың өзіндік дараланған ерекшелігі – ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі төл тарихымызды терең ғылыми зерделеуден өткізуге бетбұрғанымызда болып отыр.

BAQ.KZ. «Танылмай кеткен талант» - Бұқара Тышқанбаев – қазақ әдебиетіндегі болмысы бөлек, тағдыры күрделі таланттардың бірі. Тағы бір қырынан қарағанда, оның осы бөлек болмысы мен күрделі тағдыры оған шығармашылық дара келбет сыйлағандай да болып көрінеді.

QAZAQUNI.KZ. «Қазақ тілінде Қазақстанда сөйлемегенде, қайда сөйлемекпін?!» -  Өз Отанымда ана тілімде ғана сөйлеуді жөн көремін. Әлде бұл ойым дұрыс емес пе? Қазақ тілінде Қазақстанда сөйлемегенде енді қайда сөйлемекпін?

AZATTYQ.ORG. «Тәжікстан ислам партиясы «хиджапсыз әйелді» қолдады» -Тәжікстанда президент сайлауы өтеді. Ислам өркендеу партиясы секулярист саясаткерді қолдағаны үшін сайлаушыларынан айырылуы мүмкін. Партия Ойнихол Бобоназарованы неге таңдады?

«"Ресейдің зымыран ұшыра беретіні" хабарланды» - «Известия» басылымының хабарлауынша, Ресей Қазақстандағы ресми орындарының жауабын күтпей, қыркүйектің 30-ы күні Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырмақ.

 

25 қыркүйек 2013, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.