Атырау, 5 желтоқсан 07:07
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Спорт жаңалықтары

348 рет қаралды

26 қазанда Алматы қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен балалар арасындағы республикалық байқау өтті.

Жеңімпаздар қатарында Атырау қаласынан келген апалы-сіңлілі Аяулым (7 жас) мен Асылым (4 жас) Мутиева бар. Олар 2022 жылдан бері жаттықтырушы Аяжан Жақсылыққызының жетекшілігімен дайындалып келеді. Тәжірибелі бапкердің еңбегінің арқасында жас спортшылар бірінші орынды иеленді.

***

Павлодарда өткен республикалық «Көңілді дельфин» атты жүзу бойынша турнирдің 3-кезеңінде Атырау спортшылары табысты өнер көрсетті. 

Жарысқа еліміздің 29 қаласынан 387 спортшы қатысты. Иван Чесноков 400 және 50 метр қашықтықтарда екі күміс жүлде жеңіп алды. Ал әйелдер құрамасы 4×50 метрлік эстафетада үшінші орын иеленді. Команда құрамында — Дария Мейрам, Айша Бисенова, Айдын Айкелбет және Шолпан Мырзағалиева бар.

***

Атырау облысының стенд атудан құрамасы Шымкент қаласында өтетін халықаралық турнирге аттанды. 

Сондай-ақ, осы қалада 2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады деп күтілуде. Облыстың бас жаттықтырушысы Айдос Дәулетов команданың жоғары нәтиже көрсетуге ниетті екенін атап өтті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қазан, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.