
Жастар арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатқан Перу астанасы Лима қаласынан жақсы жаңалық жетті.
Атырау қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Дана Әбдірова 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, турнирдің күміс алқасын жеңіп алды.
Финалға дейін Қазақстан спортшысы бірнеше қарсыласын сенімді жеңіспен артқа тастады. Бразилия өкілі Джованна Андрадені ипон арқылы ұстау арқылы жеңген еді. Шешуші жекпе жекте жапон спортшысы Мио Шираканэге есе жіберіп алды.
Спортшыны жеке бапкері Жасұлан Зинуллин (№4 БЖСМ, Геолог ауылы) дайындады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +1