
Қазақстан құрамасы алдағы ойындарға жаңа бапкермен шығады. Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер міндетін уақытша атқарушы ретінде Талғат Байсуфиновті тағайындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Тәжірибелі маман 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде біздің жігіттерді дайындайды. 10 қазанда Қазақстан Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда Солтүстік Македониямен кездеседі.
Байсуфинов жанкүйерлерге жақсы таныс: ол ұлттық құраманы 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған. Қазір жастар құрамасының (U21) менторы болып жұмыс істейді.
ҚФФ Байсуфиновтің тәжірибесіне сеніп, оған сәттілік тіледі. Ал тұрақты бас бапкерді іздеу жалғасып жатыр. Федерацияның айтуынша, үміткерлер қатарында үш шетелдік маман бар.
В Атырау +1