
Бүгін таңертең, сағат 10:00 шамасында Somerset қонақүйінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия бойынша директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайтыс болу себебі – жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері клиникалық өлім жағдайын анықтап, жансақтау шараларын жүргізген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызметтер атқарған еді. 2024 жылғы қарашада оған қызметтік міндеттерді тиісінше орындамады деп айып тағылған болатын, бірақ 2025 жылғы тамызда сот оны кінәсіз деп таныды.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3