Атырау, 5 желтоқсан 07:14
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында жыл соңына дейін 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

434 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында жыл соңына дейін 11825 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 

Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, биыл өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыста жалпы 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. 1 қыркүйекке дейін 19 мыңнан астамы құрылып үлгерді.

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов есепті кезеңде облыстың мансап орталықтарына 49 мыңнан астам азамат жүгінген. Оның 27 мыңнан астамына әлеуметтік қолдау көрсетілді, 11 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасып,  2,5 мыңнан астам адам онлайн skills арқылы оқыды, 1,9 мың адам «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгерді.

«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен 95 адам тегін оқыту курстарынан өтіп, жаңа мамандықты меңгерді. Жалпы, облыстағы жұмыссыздық деңгейі бүгінде 5 пайызды құрайды: әйелдер арасындағы – 4,8 пайыз болса, жастар арасындағы жұмыссыздық 2,3 пайыз деңгейінде. ⠀ 

Еңбек заңнамасының сақталуына қатысты тұрғындардан шағым көбейген. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің АОД басшысы Игілік Әубәкіров биыл 8 айда Еңбек инспекциясы департаментіне екі мыңнан астам өтініш түскенін мәлімдеді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық көрсеткіш.

Халық негізінен жалақының кешіктірілуі мен еңбек шарттарының бұзылуына наразы. Аймақта 200-дей тексеріс жүргізіліп, 188 заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде жұмыс берушілерге айыппұл салынып, қызметкерлердің еңбекақы қарыздары өтелді. Дегенмен өңірде 12 кәсіпорында 48 миллион теңгеден астам жалақы берешегі бар. 

"Негізінен айыппұл салу – түпкі мақсат емес. Бастысы – жұмыс берушінің заңды міндетін орындап, жұмысшылардың құқығын қалпына келтіру. Сондықтан біз тексерістермен қатар түсіндіру жұмыстарын да жиі жүргіземіз", - деді Игілік Әубәкіров.

26 қыркүйек, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.