14 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 26-турының матчында «Атырау» командасы өскемендік «Восток» командасын 1:0 есебімен ұтты.
58-минутта Георгий Пейкришвилидің жәрдемімен Алексей Щеткин жалғыз голды соқты. Финал ысқырығынан кейін матчтың үздік ойыншысына арналған «Дана» мейманханасы ұсынған «Самсунг» үй кинотеатры А.Щеткинге табыс етілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ