
Әлеуметтік желілерде Атырау облысында Жайық өзенінде аққудың екі балапаны қыстап қалғаны туралы ақпарат тарады.
Жағдайға бейжай қарамаған құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, құстарды судан алып шықты. Аққулар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына тапсырылды.
Енді оларды мамандар күтіп-баптап, қыстан аман алып шығуға жағдай жасайды.
В Атырау +2