Атырау, 18 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«“Қытайға беретiн әкiмнiң әкесiнен қалған жерi жоқ, Б.Сапарбаев орнынан кетсiн!”». «Алтынбек Сәрсенбайұлы. Билiк үшiн кiмдер күреседi?». «Бішкекте ШЫҰ саммиті басталады». «Қорың болса – қор болмайсың…». «Мұхтар Әбілязовтың заңгерін кім ұстап берді?».

1 787 просмотра

MASA.KZ. «Жеңіс пен жеңіліс: екеуі де елдің ертеңіне қызмет етеді» - Жұртшылықтың пікірінше, бұл күресте режимге қарсы шыққандар күштерін сарқыды, тауы шағылды. Билік дегеніне жетіп, өзіне қарсы шыққандардың бірін өлтірді, екіншілерін – түрмеге жапты, үшіншілері – шетелге қашты.

«Қазақстандағы ең ірі қылмыстардың бірі «Рысқалиевтер ісі» болайын деп тұр....» - «Бергей Рысқалиев ісі» көлемі жағынан «Қорғас ісінен» де асып түсуі мүмкін деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

ZHASALASH.KZ.  «“Қытайға беретiн әкiмнiң әкесiнен қалған жерi жоқ, Б.Сапарбаев орнынан кетсiн!”» - Алматыдан Н.Назарбаев әспеттеп шығарып салған Си Цзиньпиннiң қарасы үзiлмей жатып-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi жарияға жар салды. Бердiбек Сапарбаев шығысымыздағы игерiлмей жатқан жерлердi қытайларға жалға беру жөнiнде ұсыныс айтты.

ABAI.KZ «Алтынбек Сәрсенбайұлы. Билiк үшiн кiмдер күреседi?» - 12-нші қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Тірі болса, елу бірге толар еді. Елімен бірге тойлар еді. Ұлт күресі жолында өлген ерде арман жоқ. Өйткені, қара орман қазақтың жадында сөзі жаттаулы, бейнесі сақтаулы.

«Қазақстандық орыс баласына қазақша қажет емес пе?» - Қазақ тілінің мемлекеттік  мекемелердегі, мектептердегі қадір-қасиеті,  алар орны  осыдан 21  жыл бұрын, қандай болса, бүгінгі шыққан «биігі де», алар орны да әлі де сол  күйінде.

AZATTYQ.ORG. «Путин мақаласында АҚШ-ты айыптады» - Путин "әскери шабуыл Иранның ядролық қаруы жөніндегі келіссөздерді тоқтататынын, Израиль-Палестина қақтығысын одан ары ушықтырып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды шиеленістіретінін" ескерткен.

«Қырғызстандық арзан көлікке сұраныс артты» - Кеден Одағының шетелдік көліктерге салатын баж салығынан қашқан қазақстандықтар Қырғызстаннан сенімхат арқылы көлік айдап әкелуді жөн көре бастады.

«Бішкекте ШЫҰ саммиті басталады» - Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен ұйымның саммиті ашылады.

QAZAQUNI.KZ. «Қорың болса – қор болмайсың…» - Ә дегенше, аламан басталып кетті. Тер төкпей, тақыр жерде «миллардер» атанғандар аттарын ерттеп, мол ақша, тегін қазынаға қарай тағы да тепеңдей жөнелді. Бірақ, зор-мықтыны қалқан қылған Марченко тәтті тортқа қайта-қайта ұмтылған шыбын-шіркейді үркітумен болды, ал, ақырында, болдырды һәм шаршады. Сөйтіп, зейнетақы жасын қысқарту кейінге қалып, бір қазақтың жігіті, министр Серік Әбденов «құрбандыққа» шалынды…

MINBER.KZ.  «”Протон-М” қайта ұшырылмақ. Қазақстан қоғамы бұған қарсы» - Протон «Роскосмос» жетекшісі Владимир Поповкинге сілтеме жасай отырып, «РиаНовости» ақпараттық агенттігі биыл жыл соңына дейін 4-5 зымыран тасығышы ұшырылатындығын мәлім етті.

«Жалға да, малға да беретін қазақта жер жоқ» - Қазақстанда ата-бабадан, ақ білектің күшімен, ақыл-ойдың ісімен ұрпағына қалдырған, сіз бен бізге аманат еткен мынау Қазақ Жері үшін бір-ақ адам жауап береді.

SHYN.KZ. «Сирияда соғысып сауап ала алмайсың» - Азаттықты сүйетін болсақ, қазақ даласының дүрбелеңсіз тыныш өмірі әрбір есті адам үшін маңызды. Қандай дәуірде де бейбітшілік адамға керек басты құндылық.

NUR.KZ. «Әкімдердің рейтингі жарияланды» - "Время" газеті "Саясат-Monitoring" тобымен бірлесе әр айдың қорытындысы бойынша облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің рейтингісін жариялап келеді.

SERKE.ORG. «Мұхтар Әбілязовтың заңгерін кім ұстап берді?» - Франция түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың заңгері Елена Тищенконы Ресей полициясы тамыздың 31-і күні қамауға алған екен. Алғашында ол Ресейдың заңы бойынша алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен табылған дүние-мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталған.

13 қыркүйек 2013, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.