
Отбасы банк мәліметтері бойынша, бір жыл бұрын БЖЗҚ қаражатын тіс емдеуге мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталған.
Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізген. Алайда бұл өзгерістер алаяқтық схемаларды тоқтата алмады, тек өтініштерді сараптау мерзімін ұзартып қана қойды.
Үкімет пен мүдделі органдардың бірлескен шешімі бойынша, 2025 жылғы 15 қыркүйектен 2026 жылғы 15 сәуірге дейін enpf-otbasy.kz платформасында жаңа өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылды. Осы аралықта тиімді бақылау жүйесі әзірленеді.
2021–2025 жылдар аралығында 757 млрд теңгеге 795 мыңнан астам стоматологиялық транзакция жасалған. ТОП-20 клиниканың жартысы Атырауда, бір клиникаға ғана 22,9 млрд теңге аударылған.
Бірнеше рет өтініш берген клиенттер 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. Құжаттарды қолдан жасау, лицензиясыз клиникаларға қаражат аудару сияқты деректер құқық қорғау органдарына жолданды, Қаржы мониторингі агенттігі тексеріс жүргізіп жатыр.
В Атырау +2