Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау тұрғынына Нигерия азаматымен жанжалдасқаны үшін айыппұл салынды

479 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырауда автотұрақтағы дау жергілікті тұрғын мен Нигерия азаматы арасындағы жанжалға ұласты. Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқан тұрғынға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот хаттаманы және рапорттарды қарап, ер адамды кінәлі деп таныды. Оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Шетелдік азаматтың шағымданбағанына және тараптардың татуласқанына қарамастан, іс жабылмады.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

11 қыркүйек, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.