Атырау, 26 қараша 07:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сапасыздық сансыратты

1 558 просмотра

Екі жыл бұрын Болашақ ықшамауданына салынған №46 үйдің жылылықты сақтайтын сылағы опырылып түскеннен кейін («Сапасыз сылаққа кім жауап береді?» жарияланымын қараңыз) тура үш айдан соң металл жабыны ұшып кетті.

Тағы да бұл проблеманы шешетін ешкім жоқ – құрылыс салушы «СнабОйлСтрой» компаниясы іс жүзінде қызметін тоқтатты. Сатыбалдиев көшесі, 45-ші үй мекен-жайы бойынша орналасқан кеңсе қаңырап тұр.

Коммуналдық және арендалық баспаналарға қызмет көрсетумен айналысатын «Атырау қаласындағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің директоры Асылбек МҮЛІКОВ ахуалға былай деп түсінік берді:

- Үй құрылысы аяқталғаннан кейінгі кепілдік мерзімі әлі өткен жоқ. Бірақ сұрайтын ешкім жоқ. Мен осы проблеманы шешу үшін көмек сұрап, қалалық әкімдікке бармақшымын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.