Атырау, 28 наурыз 20:03
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Сапасыз сылаққа кім жауап береді?

1 670 просмотра

20 мамырда екі жыл бұрын Болашақ ықшамауданында салынған №46 үйдің бүйріндегі жылу изоляциясының сылағы түсіп қалды.

Үш күн өтсе де сыртқы әрін қалпына келтірумен ешкім айналысып жатқан жоқ. Сол жерде тек аула тазалаушылардың ғана жұмыс істегені көрініп тұр.  

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Қуаныш МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫНЫҢ айтуынша, үй салушы мердігер -«СнабОйлСтрой» ЖШС – сапасыз жылу оқшаулағыш материалды пайдаланып, оны нашар бекіткен.

Кепілдік мерзімі әлі өткен жоқ, бірақ ақауы үшін жауап беретін ешкім жоқ, «СнабОйлСтрой» өз қызметін тоқтатты деуге болады. Сондықтан біз құрылысқа тапсырыс беруші ретінде қалалық әкімдікке өз күшімізбен жөндеу жүргізуді ұсындық, - дейді ол.  

Шынымен де, Сатыбалдиев, 45 мекен-жайындағы белгілі ЖШС-нің кеңсесі бос тұр, ол жерде тек күзет қана бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

24 мамыр 2013, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.