Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарашығанақ газы «Қайрат» футбол клубын банкроттан қалай құтқарды

527 рет қаралды
"АЖ" коллажы

Бұл ескі хикая жайлы мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов әңгімелеп берді.

Жұмағұловтың айтуынша, Қарашығанақ газын өткізуші ҚМГ мен Газпромның бірлескен кәсіпорны – «ҚазРосГаз» 2012 жылы «Қайрат» футбол клубының негізгі иесі әрі демеушісіне айналған еді. Бұған дейін, 2008 жылы клубтың басты демеушілерінің бірі қаржыландырудан бас тартып, мегаполис әкімдігі спортшылармен есеп айырыса алмаған. Соның салдарынан клубтың лицензиясы тоқтатылып, қалалық әкімдік бұрынғы атаумен жаңа бірлестік құрып, 2009 жылғы чемпионатта тек Бірінші лигаға жіберілген еді.

2012 жылы Қазақстан футбол федерациясы премьер-лигадағы командалар санын 12-ден 14-ке дейін көбейтіп, жаңартылған «Қайраттың» жоғары дивизионда ойнауына мүмкіндік берді.

Қайрат Боранбаев 2014 жылы «ҚазРосГаздан» кеткенде қаржыландыру уақытша тоқтады. Кәсіпкер компаниядағы үлесін сатып алып, клубты және футбол академиясын қолдауды жалғастырды. Яғни, клубтың қайта түлеуі газ компаниясының қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болған.

Жұмағұловтың пайымынша, Қашаған кен орнынан пропан-бутан экспорттайтын Eskene LPG компаниясы да «Атырау» футбол клубын қаржыландыра алар еді. Айта кетейік, Eskene LPG-ді олигарх Рашит Сәрсеновтың ұлы Абай Сәрсеновтің бақылауында.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

2 қыркүйек, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.