
Алмагүл ықшамауданында орналасқан әйелдер колониясында рақымшылық заңы бойынша ұрлық және алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан сегіз әйел бостандыққа шықты.
Босатылғандардың арасында интернет-алаяқтық жасағанын мойындаған жас қыз да бар: ол тауарларға тапсырыс алып, жеткізіп беремін деп уәде еткен, бірақ соңында сатып алушылар әрі ақшасыз, әрі тауарсыз қалған.
«Жасаған ісіме қатты өкінемін. Ол кезде бұл маған оңай табыс табудың жолы болып көрінген. Айналғанда адамдар ақшасыз әрі тапсырыссыз қалып, мен түрмеге түстім. Енді адал еңбекпен де өмір сүруге болатынын дәлелдегім келеді. Маған ең бастысы — жақындарымның сенімін қайтарып, бәрін қайтадан бастау маңызды», — деді ол.
Бұрынғы сотталушының айтуынша, колониядағы жылдар оның өміріндегі өзгеріс кезеңіне айналған: «Кез келген жеңіл пайда түбінде өміріңді құртып, бостандықтан айырады».
Пробация бақылауында
№79 мекеме басшысының орынбасары Марта Өтепова сегіз әйелдің пробация қызметінің бақылауында болатынын және өз проблемаларымен жалғыз қалмайтынын атап өтті.
- Оларға жұмысқа орналасуға көмек, психологиялық қолдау және кеңестер көрсетіледі. Біз әйелдердің қоғамға қайта бейімделіп, өз орнын табуын қадағалаймыз. Рақымшылықтың негізгі мақсаты — оларға жаңа өмірді бастау мүмкіндігін беру, — деді ол.
Босатылғандардың көбі отбасына оралып, жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр. Туысқандары оларды өткенді ұмытып, жаңа өмір бастайды деген үмітпен қарсы алды.
Рақымшылық елдің гуманитарлық саясаты аясында негізінен ауырлығы аз және орташа ауыр қылмыс жасап сотталғандарға қатысты жүргізілуде.
Айгүл МАНСУРОВА
Сурет: әйелдер колониясы
В Атырау +4