Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мұғалімдерге арналған 69 пәтер: білім басқармасына жылжымайтын мүлікті кім сатқан

1 013 рет қаралды
«Сұңқар» ТК — осы жерде қазір қызметтік пәтерлердің бірі орналасқан, сурет: 2ГИС.

Алдыңғы материалда "АЖ" 2025 жылы Атырау облысының білім басқармасы мұғалімдерге қызметтік тұрғын үй ретінде 69 пәтер сатып алғанын хабарлаған еді. Біз осы мәмілелермен толығырақ танысуды ұйғардық.

Мемлекеттік сатып алу порталының деректерін талдау кезінде қызықты мәліметке тап болдық: білім басқармасына 61 пәтерді бір адам — Темірболат Шанов сатқан. Барлық пәтер Әбілқайыр хан даңғылы, 17 мекенжайымен тіркелген. 2ГИС мәліметіне сәйкес, бұл ғимаратта жеке компаниялардың кеңселері: Worley Parsons Қазақстандағы өкілдігі және ILF Consulting Engineers инжиниринг компаниясының филиалы орналасқан.

Пәтерлер әртүрлі — бір бөлмелі де, үш бөлмелі де бар, біреуінің бағасы 20 миллионнан астам теңгеден бастап, 52 миллионнан астам теңгеге дейін.

Неліктен мұғалімдерге арналған қызметтік тұрғын үйдің бір мекенжайға тіркелгенін білім басқармасы былай түсіндірді: 69 лоттың әрқайсысы үшін жеке конкурс жарияланған. Шанов 69-ының бәріне өтінім берген. Оның үстіне, конкурстарға басқа жеткізушілер де қатысқан. Құжаттары талапқа сай және төмен баға ұсынушы жеңімпаз болған. Барлығы сегіз адам қатысқан.

Бұған дейін біз 135,9 шаршы метрлік, үш бөлмелі үлкен пәтердің шамамен 49 миллион теңгеге сатып алынғанын жазған едік. Оның сатушы - Алма Абильжанова.

Басқа сатушылар:

Салтанат Жақсылықова Алмагүл ықшамауданындағы №21 үйден (2007 жылы салынған) бір бөлмелі пәтерді 20 млн 459 мың теңгеге сатқан;

Жеке кәсіпкер Сариева З.К. Нұрсая ықшамауданындағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінен (2017 жылы салынған) бір бөлмелі пәтерді 22 млн 664 мың теңгеге сатқан; 

Әділ Тілепбергенов Алмагүл ықшамауданындағы №30 үйден (2009 жылы салынған) бір бөлмелі пәтерді 22 млн 31 мың теңгеге сатқан.

Бисенбек Мамаев білім басқармасына үш пәтер сатқан — барлығы Нұрсая ықшамауданында: №67 үйден (2012 жылы салынған) екі бөлмелі пәтер 24 млн 630 мың теңгеге, бір бөлмелі пәтер 19 млн 500 мың теңгеге және №69 үйден (2012 жылы салынған) тағы бір екі бөлмелі пәтер 26 млн 36 мың теңгеге сатылған.

Білім басқармасы Авангард-2 ықшамауданындағы №11Б үйден (2008 жылы салынған) тағы бір бөлмелі пәтерді Нұржан Насихановтан 22 млн 99 мың теңгеге сатып алған.

Айнұр САПАРОВА

15 тамыз, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.