Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасында жергілікті мәндегі көлік жолдарындағы апатқа себепші болатын 15 тар учаске жөнделгені жөнінде хабарлады.
Жол полициясының деректері бойынша, тар учаскелер Ганюшкино-Приморье-Утера-Шортанбай тас жолының 1-ші, 15-ші, 21-ші және 24-ші шақырымында, Атырау-Индер тас жолының 17-ші, 18-ші және 26-шы шақырымында, Жамбыл-Шағырлы тас жолының 1-ші, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолының 98-ші, 100-ші, 104-ші, 154-ші, 157-ші, 163-ші и 287-ші шақырымдарында болған.
Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, өткен жылы Миялы-Сағыз тас жолының 114 шақырымы жөнделді, қазір ол өте жақсы күйде. Миялы-Қарабау учаскесіне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ