Атырау, 6 қазан 14:40
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

«Атырау» мен «Тұран» ұпай бөлісті

851 рет қаралды

9 тамызда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында «Атырау» өз алаңында «Тұранды» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.

Маусым барысында турнир кестесінің соңында келе жатқан екі команда үшін бұл матч аса маңызды еді. Жеңіске жеткен ұжым жағдайын біршама түзететін болатын. 

58-минутта түркістандық клубтың ойыншысы Абылайхан Назымханов есеп ашты. Алайда 85-минутта атыраулық Константин Дорофеев таразы басын теңестірді. 

Нәтижесінде қос команда бір ұпайдан еншіледі. 20-тур қорытындысы бойынша «Тұран» 12 ұпаймен 13-орында, ал «Атырау» 10 ұпаймен соңғы, 14-сатыда қалды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 тамыз 2025, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.