
Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Мереке Мухсиевич Зинуллин тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мереке Зинуллин Атырау қаласында туған. 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «есеп және аудит» мамандығын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде «заңгер» мамандығын алған.
Еңбек жолын 2008 жылдан бастаған. 2011 жылдан мемлекеттік қызметте, Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаменті Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңірлік бөлімшенің Атырау облысы бойынша жетекші маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
В Атырау +4