Атырау, 5 желтоқсан 07:14
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Сот әкімшілігінің басшылығы Атырау облысының сот органдарына келді

502 рет қаралды

Сот әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов Атырау облысының сот органдарына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Ш.Шаяхметов Сот әкімшілігі хатшылығы басшысы Ринат Тауымбетов және Атырау облысы департаментінің басшысы Гульжан Джумагалиевамен бірге облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевпен кездесті. Өңірдегі сот ғимараттары құрылысының бірқатар мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, Ш.Шаяхметов Атырау қаласының №2 соты ғимаратының, соттардың басқа да әкімшілік объектілерінің құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, облыстық сотта, сот мұражайында, Татуласу орталығында болды. Билер кеңесі өкілдерімен кездесіп, сот отырысы залдарының жабдықтарын, фронт-офистерді, келушілерге арналған күту залдарын, сондай-ақ енгізілген IT-жаңашылдықтары жұмысын қарап шықты.

31 шілде, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.