
27 шілдеде Қытайдың Макао қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінде Атырау облысының намысын қорғаған дзюдошы Гүлхан Шыңғысхан қола жүлдені жеңіп алды.
Ол 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтың кіл мықты спортшыларымен белдесіп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Гүлхан Жылыой аудандық №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Спортшыны жарысқа жаттықтырушысы Жаңылсын Көптілеуова дайындаған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +4