
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы «Сағыз» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын кеңейту және жаңғырту жұмыстары басталды.
Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Жұмыс аясында қолданыстағы ғимаратқа қосымша құрылыс салу көзделген.
Мердігер ұйым – «Жайық Сити» ЖШС. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Kompra.kz ақпараты бойынша, "Жайық Сити" ЖШС Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында тіркелген. Директоры әрі жалғыз құрылтайшысы – Мереке Молдағалиев.
Жобаны іске асыру балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап, ауылдық жерлерде бұқаралық спорттың дамуына серпін береді деп күтілуде.
В Атырау +4 




