
Бұл туралы Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимов "АЖ" басылымының шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды бұзу фактілері туралы сұрағына жауап бергенде айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Орал прокуратурасы осы тыйымды бұзғаны үшін 24 шенеуніктің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, олардың 16-сы жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын. Қала әкімдігі қызметкерлерінің бірі 3,5 жыл ішінде букмекерлік кеңседегі шоттарын 34 млн теңгеге толтырған.
Айтимов біздің сұрағымызға қысқаша: "...прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жауап берді.
Ведомство осыдан басқа мәлімет бермеді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +4