Атырау, 6 желтоқсан 14:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Құлсарыдағы «Ниет» жанармай бекетіндегі жарылыс: екі айдан кейін директоры үйқамаққа алынды

439 рет қаралды

Құлсары қаласында екі ай бұрын, 30 мамырда болған «Ниет» жанар-жағармай бекетіндегі қайғылы оқиғадан  кейін, 20 шілде күні сол бекеттің директоры қамауға алынды. 

Тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша: «Бұл қылмыстық іс прокуратураның бақылауында. Жанар-жағармай бекетінің директоры күдікті деп танылып, үйқамаққа алынды».

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда Құлсарыдағы «Ниет» жанар-жағармай бекетінде жарылыс болды.  Жарылыс кезінде цистерна ішінде болған 43 жастағы Беркін Ибетов пен кассир болып жұмыс істеген 40 жастағы Мейрамгүл Сарбасова есімді ерлі-зайыптылар қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Қаза тапқандардың отбасы екі ай бойы ата-аналарын жерлей алмады, себебі сараптама жасалады деп, сүйегін бермеген. Марқұмдардың ұлы тергеуге сенімсіздік білдіргенін жариялап, Бас прокуратурадан істі бақылауға алуды сұраған болатын.

Құтқарушылардың болжамы бойынша, қайғылы оқиғаға бір жерден газдың кеткені себеп болып, жарылған.

«АЖ» басылымы бұл іс бойынша бірнеше материал жариялап, қаза тапқандардың туыстарына сөз беріп, жергілікті биліктің әрекетсіздігіне назар аударған еді.

Айгүл МАНСУРОВА

21 шілде, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.