Атырау, 5 желтоқсан 07:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Атырау" ФК 17 матчтан кейін алғашқы ​жеңіске жетті

Бейнежазба
587 рет қаралды

Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында Петропавлдың «Қызылжар» командасы өз алаңында «Атыраумен» кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Командалардың бастапқы құрамы:

«Қызылжар»: Лобанцев, Валиуллин, Мартинович, Козленко, Васильев, Сабино, Нойок, Жарынбетов, Горшунов, Мульдинов, Жангылышбай;

«Атырау»: Хаткевич, Қыбырай, Хадаркевич, Юденков, Керімжанов, Милойко, Абубакар, Афанасенко, Стасевич, Труфанов, Чунчуков.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері қарсыластарын қысымға алып, қауіпті сәттер туғызды. Алайда, Егор Хаткевич қақпасына соғылған доптарды тойтарып, ал Ян Труфанов үзіліске дейін есеп ашты. Екінші таймда атыраулықтар қарсыласқа мүмкіндік бермей, фаворит команданы минималды есеппен жеңді. Бұл «Атыраудың» турнирдегі 17 матчтан кейінгі алғашқы жеңісі болды.

Енді «Атырау» командасында сегіз ұпай бар және олар турнир кестесінің соңғы орнында тұр. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.


21 шілде, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.