
«Қайрат» клубының 16 жастағы футболшысы Дастан Сәтпаев Еуропаның басты клубтық турнирі — УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас гол авторы атанды, деп хабарлайды Offside.kz.
Ол 16 жас 330 күнінде Словенияның «Олимпия» командасының қақпасына гол соғып, бұл көрсеткіште Ансу Фати (17 жас 40 күн) мен Ламин Ямалды (17 жас 68 күн) басып озды.
Сәтпаевтың голы матчтағы есепті ашып, алматылық клубтың сырт алаңда тең нәтижеге қол жеткізуіне көмектесті. Бұл нәтиже «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіне өту мүмкіндігін сақтап отыр.
Бұл — жас дарын иесінің алғашқы рекорды емес: бұған дейін ол Қазақстан Премьер-Лигасы, ел Кубогы мен Суперкубогында да ең жас гол авторы атанған.
«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы жауапты матч 16 шілдеде Алматыда өтеді. Келесі кезеңге өту үшін «Қайратқа» жеңіс қажет.
В Атырау +4