
Оқиға Атырау қаласының Береке ықшамауданында болды.
11 жастағы бала велосипедімен лифтіге кірмек болғанда, есік автоматты түрде жабылып кеткен: баланың өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қыстырылып қалған.
Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедін жібермей, бірге жоғары қарай көтерілген. Бір сәтте тепе-теңдігін ұстай алмай, қолын жіберіп, лифт шахтасына құлап кеткен.
Бағына орай, бала аман қалды. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақаттар болмаған.
Оқиға бойынша тексеру тағайындалды.
Кейінірек Атырау қаласы әкімдігі ресми мәлімдеме жасады: «2025 жылғы 27 маусымда Атырау қаласында, Береке ықшамауданындағы №23 көпқабатты тұрғын үйде лифт пайдалану кезінде кәмелетке толмаған баланың қатысуымен оқиға тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, лифт көтерілу кезінде жабдықтың жұмысында ақау орын алған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке ешкім жүгінбеген.
Лифтке «КаспийЛифт» ЖШС қызмет көрсетеді. Лифт тұрғындардың ортақ меншігінде. Қазір лифттің қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында кезектен тыс техникалық тексеру жүргізілуде».
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +4