Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Атырау» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

542 рет қаралды

“Атырау” футбол клубы басшылығының шешімімен 37 жастағы Қуаныш Қабдолов спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Қуаныш Кенжәліұлының “Атырау” футболындағы еңбек жолы 2009 жылы басталған. Ол 2012 жылға дейін клубтың жастар командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. 2013 жылы “Атырау” футбол орталығының жетекшісі болып тағайындалған Қабдоловтың басшылығымен 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетті.

2014-2020 жылдары ол негізгі команданың бапкерлік штабында түрлі қызмет атқарып, бас жаттықтырушының көмекшісі және уақытша бас бапкер ретінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде “Атырау” екі рет Қазақстан Кубогінің финалына жолдама алды (2017 және 2019 жылдары).

Кейінгі жылдары Қуаныш Қабдолов басқа да қазақстандық клубтарда еңбек етті. 2021-2022 жылдары ол Түркістанның “Тұран” клубында бас бапкердің көмекшісі және негізгі бапкер ретінде қызмет етсе, 2023 жылы Ақтаудың “Каспий” командасын жаттықтырып, Бірінші лиганың қола жүлдесін иеленді.

Биылғы маусымда Қабдолов “Атырау” футбол клубының QJL (жастар лигасы) командаларының үйлестірушісі қызметін атқарып, маусым барысында бас бапкер міндетін уақытша орындады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 маусым, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.