Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атыраулық самбошылар халықаралық турнирлерде топ жарды

671 рет қаралды

Атырау облысының спортшысы Әсет Алдешов 7-8 маусымда Ереванда (Армения) өткен  спорттық және жағажай самбосы бойынша әлем чемпионаты аясындағы әлем кубогында үшінші орын алды.

Ол 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, Қырғызстан мен Армения спортшыларын жеңсе де, жартылай финалда Моңғолия атлетіне есе жіберіп алды.

Ақтауда да жетістік болды

9-12 маусымда Ақтауда өткен Қазақстан Республикасының жағажай самбосы чемпионатында да атыраулық спортшылар жақсы нәтижелер көрсетті:

  • Аскар Еспусинов (58 кг) – 1 орын;

  • Жандос Иманбаев (33 кг) – 3 орын.

Аскар Еспусинов бұл жеңісі арқылы 2-3 тамызда Сингапурда өтетін жағажай самбосы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысу құқығын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 маусым, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.