Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық спортшылар джиу-джитсудан Азия чемпионатында ерекшеленді

919 рет қаралды

Мамырдың 20–27 аралығында Иорданияның Амман қаласында ересектер мен жастар арасында джиу-джитсудан 9-шы Азия чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Атырау облысының спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді.

85 кг салмақ дәрежесінде Әлішер АҚЖІГІТОВ Азия чемпионы атанды. Ол үш жекпе-жекте:

  • Ирак спортшысымен: 14–2
  • Таиланд спортшысымен: 20–2
  • Тағы да таиландтық спортшымен кездесуде 20–3 есебімен айқын басымдықта жеңіске жетті.

Әйгерім ТӨРЕҒОЖИНА (48 келі), Мәдина БАҚЫТЖАН (70 келі) күміс жүлде, Жеңіс НҰРЛЫБАЕВ (62 келі) қола жүлде иеленді.

Спортшылардың сөзінше, табысты өнер көрсетуге жүйелі дайындық және Алматы қаласында өткен екі апталық оқу-жаттығу жиыны сеп болды.

Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Айбар Есенғалиев.

– Жекпе-жектер оңай болған жоқ, бірақ күнделікті тұрақты жаттығулардың арқасында жеңіске жетуге мүмкіндік туды, – дейді Әлішер Ақжігітов.

Чемпионатқа 20-дан астам мемлекеттен спортшылар қатысты. Бәсекелестіктің жоғары екеніне қарамастан, атыраулық спортшылар халықаралық аренада күресіп, жеңіске жете алатындарын дәлелдеді.

Айнұр САПАРОВА

27 мамыр, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.