Атырау, 5 желтоқсан 07:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Денис Мамонов ресми түрде «Атырау» футбол клубының бас бапкері атанды

566 рет қаралды
Денис Мамонов/сурет: kazfootball.kz

«Атырау» футбол клубы Денис Мамоновты бас бапкер қызметіне тағайындағанын мәлімдеді. 43 жастағы маман бұған дейін командада ассистент ретінде жұмыс істеген, енді ол клубты бас бапкер ретінде басқарады, деп хабарлайды kazfootball.kz.

Павлодар тумасы Мамонов кезінде Қазақстанның бірнеше командасында ойыншы болған, олардың қатарында «Жетісу», «Восток», «Тараз» және «Есіл-Богатырь» бар. Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін ол бапкерлік қызметке ден қойып, «Қайрат» клубының құрылымында, сондай-ақ «Жетісу», «Мақтаарал» және «Ақсу» клубтарында жұмыс істеді.

Клуб қызметімен қатар, Мамонов Қазақстанның жастар құрамасының (U21) аға бапкері міндетін атқаруды жалғастыруда.

«Атырау» клубында ол осы маусымды бас бапкер Константин Горовенконың көмекшісі ретінде бастаған, енді бас бапкер ретінде өзін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

27 мамыр, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.