
15-18 мамыр аралығында Орал қаласында WKF олимпиадалық карате бойынша "Ақ Жайық Open" халықаралық турнирі өтті.
Бұл жарысқа Ресей, Грузия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген мыңға жуық спортшы қатысты. Атыраулық "Қайсар" спорт клубының тәрбиеленушілері керемет нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 5 күміс және 10-нан астам қола медаль жеңіп алды. Айсултан Исламов, Гүлзада Өтегенова және Айсұлу Дүйсенбі өз жас санаттарында чемпион атанды.
*
Ташкентте жүзуден өткен Орталық Азия ашық чемпионатында атыраулық Дарья Чеснокова үш дүркін чемпион атанды.
Ол 50 метрлік арқамен жүзу, сондай-ақ 4×100 метрлік еркін стиль және кешенді эстафеталарда алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 100 метрлік арқамен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Турнирге бес елден 200-ге жуық жас спортшы қатысты, ал Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті.
*
16-18 мамыр аралығында Түркістанда WT таеквондо бойынша ҚР XIII Универсиадасы өтті.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті: Ерқанат Байкенов – алтын медаль, Диана Арсенова – күміс медаль, Нұрбол Ерсаинов, Нұрғиса Сағадатов, Дәулет Орынғалиев, Диас Болатов және Әлихан Досқалиев – қола медаль иеленді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +4