Атырау, 5 желтоқсан 07:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Бибісара Асаубаева​ның есімі қазақстандық шахмат тарихына енді

576 рет қаралды

БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы. 

Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті — әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.

Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды — содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі — Жансая Әбдумалик.

Бибісараны, оның бапкерлерін және бүкіл Қазақстан шахмат жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — еліміздің шахматтағы жаңа жеңістерінің бастауы ғана!

26 мамыр, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.