Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысында мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен алғашқы турнир өтіп жатыр

Сурет
1 121 рет қаралды

Атырауда алғаш рет қазақ күресінен 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа жеті аудан мен Атырау қаласынан келген 150 спортшы өзара күш сынасуда. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатқан жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

- Бүгінгі сайысқа Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Индер, Махамбет, Жылыой аудандары және Атырау қаласынан жас спортшылар қатысуда. Осы жарыстан іріктеліп шыққан қатысушылар шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады. Бұл дода тек спорт бәсекесі емес, сонымен бірге ұлттық рух пен ерік-жігердің мектебі,- деді Атырау облысының Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Асылан Чапаев.

Басты мақсат — ұлттық спорт түрін балалар арасында кеңінен насихаттау және жас балуандардың тәжірибесін арттыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама қазақ күресін жас өркендердің арасында дамытуға тың серпін бермек. 

23 мамыр, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.