Атырау, 30 қазан 20:28
 дождьВ Атырау +17.8
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Атыраулық құтқарушы Азия чемпионатында топ жарды

1 112 рет қаралды

Мамыр айының екінші онкүндігінде Қарағандыда Азия чемпионаты өтіп, Атырау облысының азаматтық қорғау аға сержанты Бралин Ерсейіт пауэрлифтингтен жеңіс тұғырынан көрінді.

Жасөспірімдерден ардагерлерге дейінгі аралықта чемпионатқа 5 мемлекеттен 400-ге жуық спорт шеберлері қатысты.

Чемпионат барлық салмақ дәрежесі бойынша өтті.  Екі күнге созылған жарыста спортшылар күштік спорт түрлері бойынша жарысқа түсті. 

Тартысқа толы бәсекеде Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы ТЖБ  №7 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Бралин Ерсейіт пауэрлифтинг бойынша 100 келі салмақ санатында қатысып, 760 келі нәтижесінде чемпион атанды.  

Ерсейіт үшін пауэрлифтинг - бұл спорт қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты. 

19 мамыр 2025, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.