Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Күміс жүлделі дебют: Дарья Чеснокова ересектер арасында үздіктер қатарында

456 рет қаралды

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетіп, Атырау облысының өкілі Дарья ЧЕСНОКОВА бұл додада ерекше көзге түсті. Жас спортшы өзінің сүйікті қашықтығы – 50 метр арқамен жүзуде алғаш рет ересектер арасында сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды. Ол 29,88 секунд ішінде қашықтықты бағындырып, жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл жетістік Дарьяға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ол мамыр айында Ташкентте өтетін Орталық Азияның Ашық чемпионатында Қазақстан атынан сынға түседі. Бұл жарыс 19-22 мамыр аралығында өтеді. Сонымен қатар, жас спортшы III Жасөспірімдер Азия ойындарына ұлттық құраманың қатарына енді. Бұл беделді дода күзде, 21-30 қазан аралығында, Бахрейннің Манама қаласында өтеді.

Сондай-ақ спортшы 19-24 тамыз аралығында Румынияның Отопени қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр.

Дарья үшін бұл маңызды қадам, халықаралық деңгейде өз мүмкіндігін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

19 мамыр, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.