Атырау, 23 маусым 08:12
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Атыраулық параспортшылар пара-армрестлинг бойынша Азия чемпионатында​ 13 алқа жеңіп алды

600 рет қаралды

2-7 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында пара-армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 21 елден 300-ден астам тірек-қимыл аппараты мен есту қабілеті бұзылған спортшылар қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында 51 спортшы, оның ішінде Атырау облысынан 7 параатлет өнер көрсетті. Олар өңірлік спорт клубының атынан сынға түсті.

Атырау командасы тамаша нәтиже көрсетіп, 6 алтын және 7 күміс медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Асылан Қайрушев – 2 алтын (оң және сол қол, 90 кг дейінгі категория)
  • Нұрым Аманов – 1 алтын (оң қол, 80 кг-нан жоғары категория)
  • Бекзат Рахымжанов – 3 алтын (екеуі – жастар арасында +65 кг, біреуі – ересектер арасында 80 кг дейінгі категория).

Күміс медаль иегерлері:

  • Нұрым Аманов – 1 күміс (сол қол, 80 кг-нан жоғары категория)
  • Медет Сұпығалиев – 2 күміс (оң және сол қол, 65 кг дейінгі категория)
  • Қажымұхан Нұрмағанбетов – 1 күміс (сол қол, 70 кг дейінгі категория)
  • Есенжан Максотов – 2 күміс (оң және сол қол, 100 кг дейінгі категория)
  • Қалыбай Тұрдалиев – 1 күміс (оң қол, 70 кг дейінгі категория)

Атыраулық спортшылардың бұл жетістігі Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесіне үлкен үлес қосты.

12 мамыр, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.