
Жоғарғы Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың судьясы лауазымына орналасуға өтініш берген кандидаттар саны туралы ақпарат жариялады.
Бұдан облыстың жергілікті соттарында 10 бос орын болса, оған үш адам өтініш бергенін байқауға болады.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында екі бос орынға (1 үміткер), мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында екі бос орынға (екі өтініш түскен) хабарландыру жарияланған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (1 бос орын), Жылыой аудандық сотында (2 бос орын), Исатай аудандық сотында (1 бос орын), Қызылқоға аудандық сотында (1 бос орын) және Махамбет аудандық сотында (1 бос орын) бос орындарға ешкім жауап берген жоқ.
Маңғыстау облысында жағдай бұдан да төмен: 9 бос орынға бір де бір үміткер құжат тапсырған жоқ.
Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +4