Атырау, 5 желтоқсан 07:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Душанбедегі Grand Slam: Әбиба Әбужақынова қола медальмен елге оралды

949 рет қаралды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді. 

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

3 мамыр, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.