
Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Сәлімбаев Азамат Серікболұлы тағайындалды.
Азамат Серікболович Сәлімбаев 1985 жылы Абай облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында экономика магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің қаржы бөлімінде бас маман болып бастады.
2008-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеп, сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Оның қызметі көлік, өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен саласындағы бюджеттік жоспарлауға бағытталған.
2014-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, энергетика саласының бюджеттік жоспарлау мәселелерімен айналысты.
2020 жылдан бастап Атырау облысы әкімдігінде әртүрлі жауапты қызметтерде жұмыс істеп, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармаларын басқарды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Азамат Сәлімбаев Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.
В Атырау +4