Атырау, 21 мамыр 10:28
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

«Атырау» футбол клубының жаңа бапкері тағайындалды

1 153 просмотра

37 жастағы жергілікті маман Қуаныш Қабдолов «Атырау» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ол 2009-2012 жылдар аралығында «Атыраудың» жастар командасында (дубль) бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 2013 жылы Қабдолов «Атырау» футбол орталығының басшысы лауазымына тағайындалып, сол жылы 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды. 

2014 пен 2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы клубтың негізгі командасының бапкерлік штабында жұмыс істеп, бас бапкердің көмекшісі әрі бас жаттықтырушы міндетін атқарды. Осы кезеңде «мұнайшылар» екі мәрте – 2017 және 2019 жылдары – Қазақстан Кубогінің финалына дейін жетті. 

2021-2022 жылдары Қабдолов түркістандық «Тұран» клубында жұмыс істеп, алдымен бас бапкерге көмекші болды, кейін команданы өзі басқарды. Ал өткен маусымда ол ақтаулық «Каспий» командасының бас бапкері ретінде Бірінші лигада қола медаль жеңіп алды.

Биылғы маусымда Қуаныш Қабдолов «Атырау» клубының QJL командаларының координаторы ретінде еңбек етіп келді. Енді ол негізгі құрамның тізгінін уақытша ұстайды.

Еске салсақ, Мұнайшылардың 48 жастағы бапкері Константин Горовенко бесінші жеңіліс тапқаннан кейін өз еркімен қызметінен кеткенін жазған едік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 сәуір, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.